2 күн бұрын

Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлерге күтпеген мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлерге күтпеген мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жақын арада маңызды жаңалық жариялайтынын айтып, жанкүйерлерін қызықтырып қойды.

Орта салмақта өнер көрсететін әлем чемпионы әлеуметтік желідегі парақшасында көп ұзамай сүйінші жаңалығымен бөлісетінін мәлімдеді.

«Ағайын, жақында күшті жаңалық естисіздер. Дайын болыңыздар», – деп жазды боксшы Instagram желісіндегі сторисінде.

Алайда Жәнібек Әлімханұлы әзірге қандай жаңалық туралы айтып отырғанын нақтылаған жоқ. Дегенмен оның мәлімдемесі бокс жанкүйерлері арасында түрлі болжамға себеп болды.

Көпшілік қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегіне қатысты ақпарат жариялануы мүмкін деп топшылауда. Соның ішінде чемпиондық белбеуін қорғау кездесуі немесе орта салмақтағы басқа әлем чемпионымен біріктіруші жекпе-жек өткізу туралы келісімнің жасалуы ықтимал деген пікір бар.

Әзірге Жәнібек Әлімханұлының өзі алдағы жаңалықтың мән-жайын ашқан жоқ.


Біздің серіктес: Sport12kz