51 минут бұрын
Әлімханұлы Хамза Ширазбен жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Хамза Ширазбен әлем чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.
WBO ұйымы Әлімханұлын екінші орта салмақтағы міндетті қарсылас ретінде бекітті. Бұл дивизиондағы WBO чемпионы — британдық Хамза Шираз.
Жәнібек әлеуметтік желідегі парақшасында жекпе-жекті асыға күтетінін айтып, жақын арада екі салмақта әлем чемпионы болатынына сенім білдірді.
Әлімханұлы (17-0, 12 КО) бұған дейін орта салмақта WBO және IBF титулдарын иеленген. Шілде айында қазақстандық боксшы салмақ дәрежесін көтеріп, супер орта салмақта өнер көрсетуге шешім қабылдаған еді.
Айта кетейік, Әлімханұлы мен Шираз бұған дейін орта салмақта жұдырықтасуға жақын болған. Алайда британдық боксшының салмақ дәрежесін ауыстыруына байланысты жекпе-жек өтпей қалған.
Біздің серіктес: Sport12kz