6 сағат бұрын
Әлімханұлы Ширазбен жекпе-жек өтетін орынды таңдады
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Хамза Ширазбен жекпе-жегін Нью-Йоркте өткізгісі келетінін айтты.
Бұған дейін WBO Әлімханұлын британдық боксшының титулына міндетті үміткер ретінде ресми түрде бекіткен еді. Қазір қазақстандық боксшы дивизион рейтингінде екінші орында тұр.
«Қазақ стилі» әлеуметтік желідегі парақшасында Top Rank компаниясы жекпе-жекті ұйымдастырып, оны Нью-Йоркте өткізеді деп үміттенетінін жазды. Оның айтуынша, бұл қалада қазақ жанкүйерлері көп және арена оның жанкүйерлеріне толады.
Еске салайық, Әлімханұлы мен Шираз бұған дейін орта салмақта жекпе-жек өткізуі мүмкін болған. Алайда Шираздың жоғары салмақ дәрежесіне ауысуына байланысты кездесу өтпей қалған.
Біздің серіктес: Sport12kz