4 сағат бұрын
Али Балоев IBF титулы үшін жекпе-жекте жеңіліп қалды
Қазақстандық боксшы Али Балоев Грозныйда (Ресей) өткен кәсіпқой бокс кешінде ресейлік Умар Саламовпен жұдырықтасты.
Жекпе-жекте бірінші ауыр салмақтағы IBF нұсқасы бойынша Еуропа чемпионының бос титулы сарапқа салынды. 10 раундқа жоспарланған кездесу толық қашықтыққа созылып, жеңімпаз төрешілер шешімімен анықталды.
Үш төреші де жеңісті Умар Саламовқа берді. Осылайша ресейлік боксшы кәсіпқой мансабындағы 33-жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық белбеуді иеленді.
Ал Али Балоев мансабындағы үшінші жеңілісіне ұшырады. Қазақстандық боксшы бұған дейінгі жекпе-жегін 2025 жылдың қыркүйегінде өткізіп, босниялық Эрмин Авдичті бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.
Біздің серіктес: Sport12kz