4 сағат бұрын
Хамза Шираз Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жектен бас тартуы мүмкін
Британдық боксшы Хамза Шираздың қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін.
Бұған дейін WBO Әлімханұлын Ширазға тиесілі екінші орта салмақтағы әлем чемпионы титулының міндетті үміткері деп жариялаған еді. Жәнібек жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді, ал Шираз әзірге бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.
Boxingnews24.com шолушысы Том Гэлмнің пікірінше, жекпе-жектің өтпеуіне Шираздың өзі емес, оның промоутерлері мен менеджерлері әсер етуі мүмкін. Сарапшы Жәнібекті Шираз үшін қауіпті қарсылас деп санайды.
Шираздың командасы жекпе-жектің орнына қаржылық жағынан тиімдірек қарсыласты таңдауы ықтимал. Сондай-ақ WBO-дан жекпе-жекті кейінге қалдыруды сұрау немесе Жәнібекке өтемақы төлеу нұсқасы қарастырылуы мүмкін.
Тағы бір нұсқа— Шираз WBO чемпиондық белбеуінен бас тартуы мүмкін.Осылайша Жәнібек Әлімханұлының әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жегінің тағдыры алдағы келіссөздерге байланысты болмақ.
Біздің серіктес: Sport12kz