4 сағат бұрын

Данияр Елеусінов: «Парижде өнер көрсетуіме мүмкіндік бермеді»

Данияр Елеусінов: «Парижде өнер көрсетуіме мүмкіндік бермеді»

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында чемпион атанғаннан кейін мансабындағы екінші Олимпиада ойындарына қатысуына кедергі болғанын айтты.

Елеусіновтің сөзінше, оның Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиадаларына қатысуына кейбір адамдар тосқауыл қойған. Алайда спортшы олардың есімдерін атамады.

«Көбі менен Токиоға, Парижге неге қатыспағанымды сұрайды. Токиода мені ешкім көргісі келмеді, ал Парижде менің барғанымды қалады. Бірақ Парижде өнер көрсетуіме мүмкіндік бермеді. Шахмұрат Муталип менің қатысқанымды қалады, алайда басқа адамдар оған кедергі жасады. Мен екі дүркін Олимпиада чемпионы атана алар едім, кейбір адамдар мұны қаламады», — деді Данияр Елеусінов видеоүндеуінде.

Еске салайық, Данияр Елеусінов 2016 жылы Рио-де-Жанейрода Олимпиада чемпионы атанды. 2018 жылы кәсіпқой боксқа ауысқан. Алайда 2021 жылдан бері оның кәсіби мансабы тоқтап, содан бері небәрі үш жекпе-жек өткізді.



Біздің серіктес: Sport12kz