1 сағат бұрын
Хамза Шираз WBO шешімін сынға алды
WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Хамза Шираз Жәнібек Әлімханұлының міндетті үміткер ретінде бекітілуіне қатысты пікір білдірді.
Британдық боксшы қазақстандық спортшының допинг дауына қарамастан мұндай мәртебе алғанына наразылығын білдірді.
“Шынымды айтсам, мен мұны жай ғана әзіл деп ойладым. Бұл – нағыз күлкілі әрекет. WBO-ның жасаған ісі – бокс үшін ұят жағдай”, – деді Шираз.
Ол Жәнібекпен жекпе-жек өткізу мәселесінде де нақты шешім қабылдамаған. Боксшы бұл жағдайды командасымен талқылайтынын айтты.
“Адамгершілік қағидаттарын ұстанатын және өзін адал спортшы санайтын жан ретінде, мұндай жекпе-жекке келісу менің спорттағы қағидама қайшы келеді”, – деді.
Тараптарға жекпе-жекті ұйымдастыру бойынша келіссөз жүргізуге 20 күн берілген.
Біздің серіктес: Sport12kz