9 сағат бұрын
Сұлтан Зауырбек рингке қашан оралатыны белгілі болды
Қазақстандық боксшы Сұлтан Зауырбек 26 қыркүйекте Австралияда шаршы алаңға шығуы мүмкін. Оның қарсыласы жергілікті боксшы Джексон Инглэнд болады деп күтіліп отыр.
Жекпе-жек Квинслендте өтуі ықтимал. Зауырбек кәсіпқой бокста өткізген 20 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетіп, 13 қарсыласын нокаутпен ұтқан. Инглэнд 19 рет жеңіске жетіп, үш айқасында жеңілген.
Айта кетейік, бұл бәсекеде жеңіске жеткен боксшы екінші жартылай жеңіл салмақтағы IBF әлем чемпионы Эммануэль Наварретеге қарсы міндетті қарсылас атанады.
Сұлтан Зауырбек соңғы рет 2025 жылғы 5 сәуірде рингке шығып, Азинга Фузилені жеңген. Осылайша, жаңа кездесу өтсе, қазақстандық боксшы бір жылдан астам уақыттан кейін шаршы алаңға қайта оралады.
Зауырбек пен Инглэнд арасындағы жекпе-жек әзірге ресми жарияланған жоқ.
Біздің серіктес: Sport12kz