5 сағат бұрын
Дмитрий Биволдың келесі жекпе-жегі Ресейде өтуі мүмкін
Жартылай ауыр салмақта WBA және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Дмитрий Бивол келесі жекпе-жегін Ресейде өткізуі мүмкін деп хабарлайды Sport12, Prosport сайтына сілтеме жасап.
Биволдың келесі қарсыласы WBO нұсқасы бойынша міндетті үміткер атанған британдық Каллум Смит болуы ықтимал.
Қазіргі таңда қос боксшының командалары жекпе-жекті ұйымдастыру мәселесі бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Егер тараптар ортақ мәмілеге келе алмаса, кездесу өтетін орын 27 тамызда жоспарланған промоутерлік сауда арқылы анықталады.
Жекпе-жекті Ресей, Ұлыбритания немесе Монакода өткізу нұсқалары қарастырылып отыр. Алайда британдық промоутер Эдди Хирн кездесуді Ресейде ұйымдастыруға басымдық беріп отыр.
Бұл ретте RCC Boxing Promotions 12 желтоқсанда Екатеринбургте кезекті бокс кешін өткізуді жоспарлаған. Аталған кеш Бивол мен Смит арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыруға қолайлы нұсқалардың бірі болуы мүмкін.
Айта кетейік, Дмитрий Бивол соңғы жекпе-жегін биыл мамыр айында Екатеринбургте өткізіп, жеңіске жеткен.
Біздің серіктес: Sport12kz