2 күн бұрын
Санжар Ташкенбай IBF Asia титулы үшін рингке шығады
Қазақстандық боксшы Санжар Ташкенбай кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін чемпиондық титул үшін өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
28 тамызда Астанада өтетін International Boxing Day турнирінде Ташкенбай бірінші жеңіл салмақтағы бос тұрған IBF Asia чемпионы атағы үшін филиппиндік Нил Хакамоспен кездеседі. Қарсыласының кәсіпқой бокстағы рекорды — 7 жеңіс, 1 жеңіліс және 1 нокаут.
Жекпе-жекті қазақстандық жанкүйерлер тікелей эфирде көре алады. Кездесу Қазақстан уақытымен 20:30-дан кейін басталады.
Айта кетейік, әуесқой бокста Санжар Ташкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанған. Ол 2023 жылы Ташкентте өткен IBA әлем чемпионатында, ал 2025 жылы Ливерпульдегі World Boxing әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған.
Біздің серіктес: Sport12kz