13 сағат бұрын
Қазақстандық төрт боксшы Астанада рингке шығады
28 тамызда Астанада IBA Nomad лигасының International Boxing Day турнирі өтеді. Кеште Қазақстанның танымал боксшылары шаршы алаңға шығады.
Турнирдің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 18:00-де басталады. Жарысты осы жаңалықтан тікелей эфирде көруге болады.
Кештің басты жекпе-жегінде Санжар Ташкенбай кәсіпқой бокстағы дебютін өткізеді. Ол филиппиндік Нил Хакамоспен (7-1, 1 КО) кездесіп, бірінші ең жеңіл салмақтағы бос тұрған IBF Asia чемпионы атағы үшін жұдырықтасады.
Сондай-ақ Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізіп, намибиялық Иммануэль Джозефпен (18-4-1, 7 КО) кездеседі.
Еркебұлан Тоқтар да кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы — өзбекстандық Бобиржон Исроилов (1-0, 1 КО).
Ал Руслан Мадиев ММА қолғаптарымен бокс ережесі бойынша қазақстандық Имран Агаевқа қарсы жекпе-жек өткізеді.
Біздің серіктес: Sport12kz