2 күн бұрын
Дмитрий Бивол мен Каллум Смит 12 желтоқсанда жұдырықтасады
Дмитрий Бивол мен Каллум Смиттің жекпе-жегі 12 желтоқсанда Екатеринбургте өтеді деп жоспарланып отыр. Бокс кеші РМК аренасында ұйымдастырылмақ.
Тараптар міндетті чемпиондық жекпе-жек өткізу жөнінде келісімге келген. Бивол төрт чемпиондық белбеуін қорғайды. Ал Смит WBO нұсқасы бойынша міндетті үміткер ретінде рингке шығады.
Алайда жекпе-жектің өтуі WBO-ның Ресейге қатысты санкцияларына байланысты. Қазір бұл шектеулерді алып тастау мәселесі қарастырылып жатыр.
Бивол соңғы жекпе-жегін 30 мамырда өткізіп, Михаэль Айфертті төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген. Смит соңғы рет 2025 жылдың ақпанында рингке шығып, Джошуа Буатсиді ұтқан.
Біздің серіктес: Sport12kz