13 сағат бұрын
Қазақстандық боксшылар халықаралық турнирде 14 медаль жеңіп алды
Бокстан Қазақстанның әйелдер құрамасы Польшада өткен Silesian Open-2026 халықаралық турнирін жоғарғы деңгейде өнер көрсетті.
Гливице қаласында ұйымдастырылған жарыста қазақстандық спортшылар U-17 және U-19 жас санаттарында сынға түсті. Нәтижесінде ұлттық құраманың қоржынына 10 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль түсті.
17 жасқа дейінгі боксшылар арасында Нұрайым Құдайберген (52 келі), Балым Ғабитқызы (60 келі), Мәдина Нұрманова (63 келі) және Аяулым Оспанова (70 келі) салмақта чемпион атанды.
U-19 санатында Асылай Мұрат (48 келі), Мәдина Жұмахан (51 келі), Жанель Имантаева (54 келі), Камила Оспанова (70 келі), Алтынгүл Аймұхан (75 келі) және Зарина Толыбай (80 келіден жоғары) алтын жүлдеге ие болды.
Күміс медальді Ақнұр Тұрсынғали (60 келі) мен Айдана Ұбайдуллақызы (80 келі) иеленсе, Марал Төлепберген (54 келі) және Рамина Маханова (57 келі) жарысты қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, XXI Silesian Open турниріне 18 елден 200-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс 25-29 тамыз аралығында Польшадағы Гливице қаласында өтті.
Біздің серіктес: Sport12kz