3 сағат бұрын
Баходир Жалолов әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды
Екі дүркін Олимпиада чемпионы өзбекстандық Баходир Жалолов Филип Хрговичті Мозес Итауманы жеңгенімен құттықтап, хорватиялық боксшыны жекпе-жекке шақырды.
Хргович Лондонда өткен жекпе-жекте Итауманы тоғызыншы раундта нокаутқа түсірді. Осылайша ол IBF нұсқасы бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы атанды.
Баходир Жалолов әлеуметтік желідегі парақшасында Хрговичтің жеңісіне жоғары бағасын берді.
«Жеңіске жеткенің құтты болсын! Сен мықты мінез көрсетіп, нағыз жауынгер екеніңді дәлелдедің. Саған құрметім зор, чемпион. Бірақ ерте ме, кеш пе, біздің жолымыз түйіседі. Сол күні кімнің нағыз чемпион екенін көреміз», – деп жазды өзбекстандық боксшы.
Баходир Жалолов кәсіпқой бокста 17 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 15-ін мерзімінен бұрын аяқтады. Қазір ол IBF рейтингінде алтыншы, WBO тізімінде жетінші орында тұр.
Біздің серіктес: Sport12kz