2 күн бұрын
Назым Қызайбай Азия ойындары алдындағы жоспарын айтты
Қазақстан құрамасының боксшысы Назым Қызайбай Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындығы туралы айтып, жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Тамыз айында қазақстандық боксшылар Алматы облысында оқу-жаттығу жиынын өткізді. Енді команда қыркүйек айында Жапонияға аттанып, Азия ойындары алдындағы соңғы дайындық кезеңін өткізуді жоспарлап отыр.
Назым Қызайбай әлеуметтік желідегі парақшасында тамыз айы толығымен жаттығу, тәртіп және дайындықпен өткенін жазды.
— Тамыз айы өте қарапайым өтті: жаттығу, жаттығу және тағы да жаттығу. Режим. Тәртіп. Ал қыркүйек айы қарқынды өтетін сияқты — алда маңызды жарыстар бар. Сондықтан мен үшін, еліміз үшін жанкүйер болып, қолдау көрсетіңіздер. Осы жаттығулар мен еңбектің нәтижесі болады деп үміттенемін, — деп жазды боксшы.
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласы мен Айти префектурасында өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz