2 күн бұрын
Жәнібек Әлімханұлы Хамза Ширазға жауап берді
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Хамза Ширазға арналған жазба жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Өткен айда WBO Жәнібекті Хамза Шираздың титулына міндетті үміткер ретінде бекітіп, британдық боксшыны қазақ спортшысымен міндетті жекпе-жек өткізуге міндеттеген. Тараптарға келіссөз жүргізу үшін 20 күн берілген. Келіссөздер мерзімі қыркүйектің басында аяқталады. Егер осы уақыт ішінде ортақ келісімге қол жеткізілмесе, промоутерлік сауда ұйымдастырылады.
«Олар мені “кошмар” деп атаған сайын, ойлана бастаймын: бәлкім, мен боксшылар үшін шынымен де нағыз қорқынышқа айналып келе жатқан шығармын? Бір-екі күннен кейін оның нағыз чемпион екенін немесе тек солай аталатынын білеміз. Күтіп, көрейік», — деп жазды «Қазақ стилі» Х әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз өзара жекпе-жек өткізу мүмкіндігін талқылаған. Алайда кейін Шираз жоғары салмақ дәрежесіне ауысатынын мәлімдеді. Ал биыл жазда Әлімханұлы да салмақ дәрежесін көтеру туралы шешім қабылдады.
Біздің серіктес: Sport12kz