11 сағат бұрын
Махмуд Сабырхан алдағы жоспарын жариялады
Фото: Қазақстан ҰОК
Екі дүркін әлем чемпионы Махмуд Сабырхан туған інісі Төреханмен бірлескен жаттығуын көрсетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы өзінің Instagram-аккаунтында Түркістан облысындағы Маятас ауылында өздерінің жаттығуы көрсетілген бейнебаян жариялады. Кадрда Махмуд пен Тореханның табиғат аясында күш жаттығуын жасап, шеберлік деңгейін арттыра түскені көрсетіледі.
- Ассалаумалайкум, бәріңізге! Біздің жаттығуымыз жалғасуда. Алда маңызды жарыс бар. Бізге сәттілік тілеңіздер,- деп жазды Махмуд онда.
Махмуд пен Төрехан үшін алдағы маңызды жарыстың бірі - Жапонияда 19 қыркүйек-4 қазан аралығында өтетін Жазғы Азия ойындары. Қазір бокстан Қазақстан ерлер құрамасының құрамы ресми түрде жарияланған жоқ. Егер Махмуд 55 келі салмақта басты фаворит ретінде қарастырылса, 70 келіде Төрехан әлем чемпионы Абылайхан Жүсіповпен орын үшін жолдамаға таласады.
Еске салсақ, Астана қаласында Boxing Talks сериясы аясындағы «Қазақстандағы әйелдер боксы» іс-шарасы өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz