Матч орталығы
Премьер-Лига Футбол Оқжетпес Оқжетпес 16:00 Бүгін Ордабасы Ордабасы Чемпионшип Футбол Линкольн Линкольн 16:30 Бүгін Саутгемптон Саутгемптон Премьер-лига Футбол Ньюкасл Ньюкасл 16:30 Бүгін Борнмут Борнмут Чемпионшип Футбол Сток Сток 16:30 Бүгін Чарльтон Чарльтон Премьер-Лига Футбол Каспий Каспий 17:00 Бүгін Қайрат Қайрат Серия А Футбол Фиорентина Фиорентина 18:00 Бүгін Торино Торино Премьер-Лига Футбол Ақтөбе Ақтөбе 18:00 Бүгін Жеңіс Жеңіс Премьер-Лига Футбол Жетісу Жетісу 18:00 Бүгін Ертіс Ертіс Бундеслига Футбол Байер Байер 18:30 Бүгін Унион Унион Бундеслига Футбол Хоффенхайм Хоффенхайм 18:30 Бүгін Боруссия Боруссия Бундеслига Футбол Вердер Вердер 18:30 Бүгін Лейпциг Лейпциг Бундеслига Футбол Падерборн Падерборн 18:30 Бүгін Фрайбург Фрайбург Бундеслига Футбол Боруссия Боруссия 18:30 Бүгін Эльверсберг Эльверсберг Чемпионшип Футбол Шеффилд Шеффилд 19:00 Бүгін Норвич Норвич Премьер-лига Футбол Брайтон Брайтон 19:00 Бүгін Лидс Лидс Премьер-лига Футбол Ноттингем Форест Ноттингем Форест 19:00 Бүгін Тоттенхэм Тоттенхэм Премьер-лига Футбол Брентфорд Брентфорд 19:00 Бүгін Сандерленд Сандерленд Премьер-лига Футбол Манчестер Сити Манчестер Сити 19:00 Бүгін Ковентри Ковентри Премьер-лига Футбол Фулхэм Фулхэм 19:00 Бүгін Кристал Пэлас Кристал Пэлас Премьер-Лига Футбол Қызылжар Қызылжар 19:00 Бүгін Атырау Атырау

1 сағат бұрын

Шавкат Рахмоновтың бапкері Еркебұлан Тоқтардың мүмкіндігін бағалады

Шавкат Рахмоновтың бапкері Еркебұлан Тоқтардың мүмкіндігін бағалады

Шавкат Рахмоновтың бапкері Еркебұлан Тоқтардың болашағы туралы пікір білдірді

DAR Team командасының бас бапкері, UFC файтері Шавкат Рахмоновтың тәлімгері Эдуард Базров қазақстандық танымал спортшы Еркебұлан Тоқтардың спорттағы болашағына қатысты пікір білдірді.

Маман Тоқтарды бұрыннан білетінін айтып, оның адамдық қасиеттеріне жоғары баға берді.

«Еркебұланды білемін. Өмірде көп араласпасақ та, байланыстамыз, кейде хат жазысамыз. Өте сыйластық танытатын жігіт. Онымен танысқанға дейін сәл тәкаппар шығар деп ойлағанмын. Алайда шын мәнінде өте қарапайым әрі кішіпейіл адам екеніне көз жеткіздім», — деді Эдуард Базров.

Бапкердің айтуынша, Еркебұлан Тоқтар жаттығуға жауапкершілікпен қарап, күн сайын кәсіби спортшылармен бірге дайындалады.

«Мен оның өзін де кәсіби спортшы деп санаймын. Себебі ол жоғары деңгейде жеңіске жетіп жүр. Мұның бәрі бекер емес. Еркебұланның спортта болашағы бар деп ойлаймын. Егер ол бұл іспен бала кезінен айналысқанда, бұдан да биік деңгейге жетер еді. Мүмкін, оны UFC-де немесе бокстағы ірі жекпе-жектерде көрер едік», — деді маман.

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар соңғы жекпе-жегін 28 тамызда Астанада өткен IBA Nomad лигасының International Boxing Day турнирінде өткізді. Кәсіпқой бокс ережесі бойынша суперорта салмақта өткен кездесуде ол өзбекстандық Бобиржон «Испанчик» Исроиловты екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Тоқтар қарсыласын төрт рет нокдаунға түсірген.



Біздің серіктес: Sport12kz