1 сағат бұрын
Олимпиада чемпионы бар: Өзбекстан бокстан Азия ойындарына қатысатын құрама тізімін жариялады
Өзбекстанның ерлер құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын боксшылар тізімін жариялады.
Құрлықтық дода 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді.
Өзбекстан сапында Париж Олимпиадасының чемпионы Абдумалик Халоков та бар.
Құрамадағы боксшылар:
55 кг — Самандар Олимов
60 кг — Абдумалик Халоков
70 кг — Шавкатжон Болтаев
80 кг — Фазлиддин Эркинбоев
90 кг — Турабек Хабибуллаев
+90 кг — Жахонгир Зокиров
Ал әлем чемпионы Жавохир Умматалиев Азия ойындарына қатыспайды. 80 келіге дейінгі салмақтағы өзбек боксшысы 24 қыркүйекте АҚШ-та Queensberry Promotions ұйымдастыратын кәсіпқой бокс кешінде жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.
Сондықтан оның орнына Азия ойындарында Фазлиддин Эркинбоев өнер көрсетеді.
Сонымен қатар Олимпиада чемпионы Асадхуджа Муйдинхуджаев та Азия ойындарына қатыспайды.
Біздің серіктес: Sport12kz