2 сағат бұрын
Ешқандай спарринг те, іріктеу де болған жоқ —Сағындық Тоғамбай Азия ойындарынан неге тыс қалғанын айтты
Боксшы Сағындық Тоғамбай Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрама тізіміне не себепті енбегенін түсіндірді, деп хабарлайды Sport12, Sportbugin.kz сайтына сілтеме жасап.
90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін спортшы бұл шешімді бапкерлер қабылдағанын айтты. Оның сөзінше, Азия ойындарына іріктеу үшін арнайы спарринг өткізілмеген.
«Ойындарға неге бармадым деп сұрап жатқандарға айтарым: бұл - бапкерлердің шешімі. Болды. Ешқандай спарринг те, іріктеу де болған жоқ. Барған жігіттерге тек сәттілік тілеймін!» - деп жазды боксшы.
Айта кетейік, бұған дейін Азия ойындарына қатысатын ерлер құрамасының тізімі жарияланған болатын. 90 келіге дейінгі салмақта ел намысын Нұрбек Оралбай қорғайды.
Біздің серіктес: Sport12kz