2 күн бұрын
Егер шаршы алаңға шығудан қашса, белбеуді босатсын – Жәнібек Әлімханұлы Хамза Ширазға үндеу жасады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Хамза Ширазбен жекпе-жек өткізуге қатысты келіссөздердің созылып кеткеніне наразылық білдірді.
Тамыз айында Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлын Ширазға міндетті қарсылас ретінде бекіткен еді. Тараптарға келісімге келу үшін берілген алғашқы мерзім аяқталған соң, Top Rank пен Queensberry Promotions компанияларының өтініші бойынша уақыт 10 қыркүйекке дейін ұзартылды.
Алайда келіссөздер әлі де аяқталған жоқ. Осыған байланысты Жәнібек Әлімханұлы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Хамза Ширазға үндеу жасады.
“Ол бұл үдерісті тым ұзаққа созып жіберді. Егер жұдырықтасқысы келсе, мұны ашық айтып, жекпе-жекті ұйымдастырайық. Ал егер шаршы алаңға шығудан қашса, онда чемпиондық белбеуді босатсын. Менің босқа уақыт жоғалтатын жайым жоқ”, - деп жазды Әлімханұлы.
Айта кетейік, егер тараптар 10 қыркүйекке дейін ортақ шешімге келе алмаса, WBO ережесіне сәйкес жекпе-жекті өткізу құқығы промоутерлік компаниялар арасында сарапқа салынады.
Біздің серіктес: Sport12kz