2 күн бұрын
Азия ойындарынан шет қалған Абылайхан Жүсіпов әлемдік рейтингте үздіктер қатарына енді
Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов әуесқой боксшылар арасындағы әлемдік P4P рейтингінде үздік 15 спортшының қатарына енді.
BoxRec порталы жаңартылған рейтингті жариялады. Тізімнің көшін Өзбекстанның Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоков бастады. Екінші орында ресейлік Муслим Гаджимагомедов тұр. Үздік үштікті оның отандасы Всеволод Шумков түйіндеді.
Үздік 15 боксшының арасында Өзбекстанның бес өкілі бар. Қазақстаннан бұл қатарға Абылайхан Жүсіпов қана енді. Бірінші орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз 12-орынға жайғасты.
Ал Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов 24-сатыдан көрінді.
Біздің серіктес: Sport12kz