2 күн бұрын
Ақтауда Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді
15-19 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында қазақ боксының көрнекті өкілі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасындағы халықаралық турнир өтеді.
Биыл 18-ші рет ұйымдастырылатын додаға Түркия, Ресей, Қытай, Иран, Гүржістан, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Қазақстан спортшылары қатысады.
Жарыс Ақтаудағы Halyq Arena спорт сарайында болады.
Айта кетейік, Шоқыр Бөлтекұлы – қазақ боксының қалыптасуына зор үлес қосқан маман. Ол Қазақстанда бокстың дамуына еңбек сіңіріп, талай спортшыны тәрбиелеген тұлға.
Біздің серіктес: Sport12kz