2 күн бұрын
Ақтауда бокстан Шоқыр Бөлтекұлын атындағы халықаралық турнир өтеді
15-19 қыркүйек Ақтау қаласында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, қазақ боксының атасы Шоқыр Бөлтекұлын еске алуға арналған ерлер және әйелдер арасындағы халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Осымен 18-ші рет ұйымдастырылатын беделді бәсекеге Түркия, Ресей, Қытай, Иран, Гүржістан, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Қазақстан боксшылары қатысады.
Еске салсақ, қазақстандық маман World Boxing ұйымындағы үш лауазымға кандидатурасын ұсынды.
Біздің серіктес: Sport12kz