2 күн бұрын
Қазақстан бокс құрамасы Жапонияға аттанып кетті
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы Жапонияның Нагоя қаласына ұшып келді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл аймақта бірнеше ел боксшыларының қатысуымен ауқымды онкүндік жаттығу жиыны ұйымдастырылады. Қазақстан командасы үлкен құрамда аттанды, әр салмақта 1-3 нөмірлі боксшылар бар.
Азия Ойындары аясындағы бокс бәсекесі 21 қыркүйек басталады. 20 қыркүйек жеребе тартылса, ақтық сын 2 қазанға жоспарланған. Жарысқа 34 елден 200 боксшы қатысады.
Біздің серіктес: Sport12kz