5 сағат бұрын
WBO Әлімханұлының жекпе-жегіне қатысты жаңа шешім шығарды
WBO ұйымы екінші орта салмақтағы әлем чемпионы британдық Хамза Шираз бен міндетті қарсыласы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы арасындағы жекпе-жекке қатысты жаңа шешім қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz.
WBO президенті Густаво Оливьери екі боксшының промоутерлік компанияларына — Queensberry Promotions және Top Rank өкілдеріне келіссөздер арқылы ортақ мәмілеге келе алмағанын хабарлаған.
Осыған байланысты жекпе-жек бойынша промоутерлік сауда (аукцион) өткізіледі. Ол 16 қыркүйекте сағат 14:00-де Пуэрто-Рикодағы Сан-Хуан қаласында орналасқан WBO бас кеңсесінде өтеді. Қазақстан уақытымен аукцион 16 қыркүйекте сағат 23:00-де басталады.
Әлімханұлы мен Шираз арасындағы жекпе-жек бойынша келіссөздер тамыз айында басталған еді. Алайда белгіленген мерзім ұзартылғанына қарамастан, тараптар ортақ келісімге келе алмады.
Жәнібек Әлімханұлы — WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағына міндетті үміткер.
Біздің серіктес: Sport12kz