1 күн бұрын
Жәнібек Әлімханұлының Ширазбен жекпе-жегіне қатысты маңызды шешім қабылданды
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру құқығына промоутерлік сауда өткізеді.
Жәнібек Әлімханұлы WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақта міндетті үміткер болса, Хамза Шираз осы дивизиондағы әлем чемпионы.
Боксшылардың промоутерлері жекпе-жек шарттары бойынша келісімге келе алмаған. Жәнібектің промоутері – Top Rank, ал Шираздың мүддесін Queensberry Promotions қорғайды.
Осыған байланысты WBO промоутерлік сауда өткізуді ұйғарды. Рәсім 16 қыркүйекте Пуэрто-Риконың Сан-Хуан қаласындағы WBO кеңсесінде өтеді. Қазақстан уақытымен сағат 23:00-де басталады.
Сауда кезінде екі промоутерлік компания жекпе-жекті өткізуге өз ұсыныстарын жасайды. Ең жоғары ұсыныс жасаған тарап Әлімханұлы – Шираз жекпе-жегін ұйымдастыру құқығына ие болады.
Осылайша, 16 қыркүйекте Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз арасындағы міндетті титулдық жекпе-жекті қай промоутер өткізетіні анықталады.
Біздің серіктес: Sport12kz