1 күн бұрын
Қазақстандық боксшылар Жапонияда Азия ойындары алдындағы оқу-жаттығу жиынына кірісті
Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары Жапонияның Нисио қаласында халықаралық оқу-жаттығу жиынын бастады.
Тынық мұхиты жағалауындағы дайындыққа бірнеше елдің боксшылары қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы Азия ойындары алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтайды.
Азия ойындарына Қазақстан құрамасынан ерлер арасында Махмұд Сабырхан (55 келі), Оразбек Асылқұлов (60 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (80 келі), Нұрбек Оралбай (90 келі) және Айбек Оралбай (+90 келі) қатысады. Ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы – Нұржан Насанов.
Әйелдер арасында Алуа Балқыбекова (51 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (65 келі) және Наталья Богданова (75 келі) ел намысын қорғайды. Бас жаттықтырушы – Елдос Сайдалин.
Айта кетейік, Азия ойындарындағы бокс бәсекелері 21 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Жапонияда өтеді.
Біздің серіктес: Sport12kz