14 сағат бұрын
Виктор Темиров Германияда келесі жекпе-жегін өткізеді
Қазақстандық боксшы Виктор Темиров (11-0, 8 КО) шаршы алаңға қайта оралатын күнін анықтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Темировтың келесі жекпе-жегі 3 қазанда Германияның Гамбург қаласында өтеді. Оның қарсыласының аты әзірге жарияланған жоқ.
Боксшы соңғы жекпе-жегін 1 мамырда дәл осы қалада өткізіп, венесуэлалық Карлос Ривероны (32-13-1, 21 КО) мерзімінен бұрын жеңген.
Қазақстандық спортшы 2026 жылы әзірге екі жекпе-жек өткізді.
Айта кетейік, Виктор Темиров кәсіпқой бокста «Мясник» лақап атымен өнер көрсетеді. Алайда Германия жанкүйерлері оны жастық шағындағы Геннадий Головкинмен жиі салыстырады. Головкин де кәсіби мансабындағы алғашқы маңызды қадамдарын Германияда жасаған.
Біздің серіктес: Sport12kz