57 минут бұрын
Дастан Садуулы ресейлік бес дүркін чемпионнан жеңілді
Қазақстандық боксшы Дастан Садуулы (12-4, 12 КО) Ресейдің Орынбор қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Садуулы ресейлік Габил Мамедовпен (1-0, 0 КО) жұдырықтасты. Бірінші жартылай орта салмақтағы алты раундқа жоспарланған жекпе-жек толық қашықтыққа созылмай, екінші раундта Мамедовтың техникалық нокаутпен жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Габил Мамедов кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне қол жеткізсе, Дастан Садуулы мансабындағы бесінші жеңілісіне ұшырады.
Айта кетейік, әуесқой бокста Мамедов 2017 жылғы Еуропа чемпионатының және 2019 жылғы Еуропа ойындарының күміс жүлдегері атанған. Сонымен қатар ол Ресей чемпионатында бес рет жеңімпаз болған.
Жекпе-жектің видеосын төменнен көруге болады.
Біздің серіктес: Sport12kz