Матч орталығы
Юношеская лига УЕФА Футбол OFK Mladost DG U19 OFK Mladost DG U19 0:5 Аяқталды Кайрат до 19 Кайрат до 19 Ла Лига Футбол Райо Вальекано Райо Вальекано 2:1 Аяқталды Эспаньол Эспаньол Ла Лига Футбол Алавес Алавес 0:1 Аяқталды Валенсия Валенсия Эредивизи Футбол Аякс Аякс 5:1 Аяқталды Виллем 2 Виллем 2 Лига Чемпионов АФК Футбол Аль Хиляль Аль Хиляль 2:1 Аяқталды Аль Гарафа Аль Гарафа Лига кубогы Футбол Вест Хэм Вест Хэм 2:3 Аяқталды Фулхэм Фулхэм Чемпионшип Футбол Бристоль Сити Бристоль Сити 0:1 Аяқталды Линкольн Линкольн Чемпионшип Футбол Мидлсбро Мидлсбро 2:2 Аяқталды Миллуолл Миллуолл Лига кубогы Футбол Ипсвич Ипсвич 2:4 Аяқталды Арсенал Арсенал Италия кубогы Футбол Фиорентина Фиорентина 3:0 Аяқталды Пиза Пиза Лига кубогы Футбол Ливерпуль Ливерпуль 3:1 Аяқталды Тоттенхэм Тоттенхэм Ла Лига Футбол Эльче Эльче 2:3 Аяқталды Реал Мадрид Реал Мадрид Еуропа лигасы Футбол Омония Омония 21:45 Бүгін Сельта Сельта Еуропа лигасы Футбол Арарат Арарат 21:45 Бүгін Спарта Спарта Ла Лига Футбол Депортиво Депортиво 22:00 Бүгін Севилья Севилья Ла Лига Футбол Атлетико Атлетико 22:00 Бүгін Осасуна Осасуна Еуропа лигасы Футбол Штурм Штурм 00:00 Ертең Ренн Ренн Еуропа лигасы Футбол Хапоэль Хапоэль 00:00 Ертең Динамо Динамо Еуропа лигасы Футбол Олимпиакос Олимпиакос 00:00 Ертең Ягеллония Ягеллония Еуропа лигасы Футбол Байер Байер 00:00 Ертең Целе Целе

1 күн бұрын

Астанада 200-ден астам жас боксшы чемпиондық атаққа таласуда

Астанада 200-ден астам жас боксшы чемпиондық атаққа таласуда

Астанадағы «Аспан» спорт кешенінде жастар мен жасөспірімдер арасында бокстан елорда чемпионаты өтуде. Байрақты бәсекенің негізгі мақсаты – болашақта Астана құрамасының сапын толықтыратын үздік спортшыларды анықтап, республикалық жарыстарға іріктеу.

8–12 қыркүйек аралығында 2009–2010 жылдары туған жастар арасында қала біріншілігі ұйымдастырылды. Додаға 140-қа жуық жас боксшы қатысып, ұлдар мен қыздар бірнеше салмақта чемпиондық атақты сарапқа салды.

Ұлдар арасындағы жеңімпаздар қатарында Бекзат Бектемір (48 кг), Олжас Нұрланұлы (50 кг), Юнус Рақымжан (55 кг), Айдын Сейсенбай мен Әділет Ғалиев (60 кг), Ернұр Өнертаев (65 кг), Әлібек Дияс (70 кг), Елхан Суелхан (75 кг), Әзизжан Қанат (80 кг), Нұрдәулет Қалдар (85 кг), Сабыржан Сағым (90 кг) және Тимур Нұрымов (+90 кг) бар.

Қыздар арасында 51 келіге дейінгі салмақта Аяжан Серікбай жеңімпаз атанса, 54 келіде Гүлбану Бекмұрат, 57 келіде Асқар Нұрай, 65 келіде Айша Базарбай чемпион атанды.

Жастар арасындағы жарыс аяқталған соң спорт кешенінде кадеттер арасындағы елорда чемпионаты басталды. Оған Астанадағы спорт мектептері мен бокс клубтарының, сондай-ақ Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт мектеп-интернатының 200-ден астам тәрбиеленушісі қатысып жатыр.

Қазір жас боксшылар іріктец кезеңдерімен жартылай финалдық жекпе-жектерде бақ сынауда. 16 қыркүйекте финалдық кездесулер өтіп, жасөспірімдер арасындағы қала чемпиондары мен жүлдегерлер анықталады.

Жарыс нәтижесінде өз салмағында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар Астана қаласының құрама командасына қабылданып, алдағы республикалық додаларда елорда намысын қорғайды.


Біздің серіктес: Sport12kz