2 сағат бұрын
WBC Нұрсұлтановтың жекпе-жегін растады
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) пен америкалық Хесус Рамос кіші (24-1, 19 КО) арасындағы жекпе-жекті ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Боксшылар 19 қыркүйекте АҚШ-тың Сан-Диего қаласында WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады. Қазақстан уақытымен жекпе-жек 20 қыркүйек таңертең өтеді.
«Уақытша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек! Хесус Рамос кіші орта салмақтағы WBC Interim титулын рейтингте бірінші орында тұрған Мейірім Нұрсұлтановқа қарсы қорғайды», — деп жазды WBC Instagram желісіндегі ресми парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін WBC президенті Маурисио Сулейман бұл жекпе-жекте жеңіске жеткен боксшы орта салмақтағы толыққанды әлем чемпионы Карлос Адамеске қарсы шығатынын мәлімдеген болатын.
Біздің серіктес: Sport12kz