5 сағат бұрын
Азия ойындарында Қазақстан әйелдер құрамасы кімдермен жүлдеге таласады?
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Бокстан 21 қыркүйек - 2 қазан аралығында жалғасатын жазғы Азия ойындарында әйелдер бәсекесі бойынша 5 салмақта 76 спортшы жүлдені сарапқа салады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті.
Аруларымыз жазғы Азия ойындарында кімдермен жүлдеге таласады?
Бокстан 21 қыркүйек - 2 қазан аралығында жалғасатын жазғы Азия ойындарында әйелдер бәсекесі бойынша 5 салмақта 76 спортшы жұдырықтасады.
Kazakhstan Boxing Federation:
51 келі. 18 боксшы
2 дүркін әлем чемпионы Алуа Балқыбекова өнер көрсетеді.
Басты қарсыластары:
Ю Ву (Қытай) - Париж Олимпиадасының чемпионы. 2026 жылғы Азия чемпионы. Маусым айындағы Қытайдағы Әлем Кубогының жеңімпазы. 24 жеңіс сериясымен келе жатыр.
Сакши Чаудхари (Үндістан) - 2026 жылы Шотландиядағы Достастық ойындарында топ жарды. 2025 жылы Астанадағы Әлем Кубогында 54 келіде чемпион атанған.
Феруза Казакова (Өзбекстан) - Әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері. 2024 жылғы Азия чемпионы.
Аира Виллигас (Филиппин) - Париж Олимпиадасының қола жүлдегері.
Ан Кум-биол (Солтүстік Корея) - 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Нгуен Тхи Там (Вьетнам) - 2 дүркін Азия чемпионы (2017, 2022).
Еске салсақ, Қазақстан Жапонияда бокстан Азия ойындарына дайындығын бастады.
Біздің серіктес: Sport12kz