5 сағат бұрын
Айдос Медет АҚШ-тағы келесі жекпе-жегінің күнін белгіледі
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Медет (13-1, 9 КО) рингке қайта оралатын күнін белгіледі, деп хабарлайды Sport12.kz.
BoxRec мәліметінше, Медет келесі жекпе-жегін 23 қазанда АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында өткізеді. Оның қарсыласы әзірге белгісіз.
Айдостың соңғы жекпе-жегі биыл 23 қаңтарда Лонг-Бичте өтті. Ол армениялық Азат Ованнисянға (23-6, 17 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіліп, кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Айта кетейік, Айдос Медет кәсіпқой бокстағы дебютін 2018 жылы жасап, жекпе-жектерінің басым бөлігін Қазақстанда өткізді. 2025 жылдан бері спортшы АҚШ-та жаттығып, сол елде жекпе-жектерін өткізіп жүр.
Біздің серіктес: Sport12kz