Матч орталығы
Чемпионшип Футбол Миллуолл Миллуолл 16:30 Бүгін Вест Хэм Вест Хэм Чемпионшип Футбол Сток Сток 16:30 Бүгін Шеффилд Шеффилд Чемпионшип Футбол Кардифф Кардифф 16:30 Бүгін Чарльтон Чарльтон Премьер-лига Футбол Тоттенхэм Тоттенхэм 16:30 Бүгін Астон Вилла Астон Вилла Ла Лига Футбол Осасуна Осасуна 17:00 Бүгін Райо Вальекано Райо Вальекано Серия А Футбол Болонья Болонья 18:00 Бүгін Торино Торино Серия А Футбол Удинезе Удинезе 18:00 Бүгін Кальяри Кальяри Бундеслига Футбол Боруссия Боруссия 18:30 Бүгін Майнц Майнц Бундеслига Футбол Вердер Вердер 18:30 Бүгін Аугсбург Аугсбург Бундеслига Футбол Гамбург Гамбург 18:30 Бүгін Кельн Кельн Бундеслига Футбол Айнтрахт Айнтрахт 18:30 Бүгін Фрайбург Фрайбург Чемпионшип Футбол Портсмут Портсмут 19:00 Бүгін Блэкберн Блэкберн Чемпионшип Футбол Бирмингем Бирмингем 19:00 Бүгін Мидлсбро Мидлсбро Чемпионшип Футбол Рексхэм Рексхэм 19:00 Бүгін Саутгемптон Саутгемптон Чемпионшип Футбол Бернли Бернли 19:00 Бүгін Дерби Дерби Премьер-лига Футбол Ньюкасл Ньюкасл 19:00 Бүгін Халл Халл Премьер-лига Футбол Эвертон Эвертон 19:00 Бүгін Ипсвич Ипсвич Премьер-лига Футбол Брайтон Брайтон 19:00 Бүгін Арсенал Арсенал Чемпионшип Футбол КПР КПР 19:00 Бүгін Престон Престон Ла Лига Футбол Атлетик Бильбао Атлетик Бильбао 19:15 Бүгін Алавес Алавес

3 күн бұрын

«Даниярға көмектесе алмайсыз ба?»: Сатыбалдинова Елеусіновтің промоутеріне үндеу жасады

«Даниярға көмектесе алмайсыз ба?»: Сатыбалдинова Елеусіновтің промоутеріне үндеу жасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Аида Сатыбалдинова Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің қазіргі жағдайына қатысты пікір білдіріп, оның промоутеріне үндеу жасады.

Сатыбалдинова әлеуметтік желідегі парақшасында All Star Boxing промоутері Зия Алиевке тікелей хабарласып, Елеусіновке қажет болған жағдайда қолдау көрсетуді сұрады.

«Зия Алиев, сіз оның басынан не өтіп жатқанын көріп отырсыз ғой. Оның промоутері ретінде Даниярға көмектесе алмайсыз ба? Егер оған көмек, психологиялық қолдау немесе оңалту қажет болса, меніңше, бұған назар аударғаныңыз жөн», – деді ол.

Бұған дейін Данияр Елеусінов жол-көлік оқиғасынан кейін ішімдікке әуестігі туралы ашық айтып, бұл әдеттің 2016 жылғы Рио Олимпиадасындағы жеңісінен кейін басталғанын мәлімдеген еді. Сондай-ақ ол кәсіпқой бокстағы мансабын жалғастырып, Zuffa Boxing турнирлерінде өнер көрсету ниетін білдірді.

Олимпиада чемпионы жақында қазақстандық поп-ММА өкілі Еркебұлан Тоқтарды жекпе-жекке шақырған. Алайда Тоқтар бұл ұсыныстан бас тартып, өзін Елеусіновпен кәсіпқой бокста жұдырықтасатын деңгейде емес екенін айтқан.

Әзірге Данияр Елеусіновтің командасы оның қазіргі жағдайына қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов 2016 жылғы Рио Олимпиадасында 69 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды. Кейін кәсіпқой боксқа ауысып, халықаралық рингте өнер көрсетті.


Біздің серіктес: Sport12kz