2 күн бұрын
Жәнібек – Шираз жекпе-жегіне қатысты маңызды шешім қабылданды
Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз арасындағы жекпе-жекті Queensberry Promotions ұйымдастырады.
Британдық промоутерлік компания Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) өткізген саудада Top Rank-тан басым түсті. Queensberry 1 млн 1 809 доллар ұсынса, қазақстандық боксшының промоутері 820 мың доллар көлемінде өтінім берген.
Жекпе-жек WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін өтеді. Қазіргі таңда кездесуді Лондон, Бирмингем немесе Нью-Йоркте өткізу мәселесі қарастырылып жатыр.
The Ring мәліметінше, жекпе-жек 28 қараша немесе 5 желтоқсан күндерінің бірінде өтуі мүмкін.
Жәнібек Әлімханұлы осы кездесуге WBO рейтингіндегі міндетті үміткер ретінде шығады. Ол соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың сәуірінде Астанада өткізіп, Анауэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңген.
Ал Хамза Шираз биыл мамырда Алем Бегичті жеңіп, WBO белбеуін иеленген. Кейін шілдеде Симон Захенхуберге қарсы жекпе-жекте чемпиондық атағын сақтап қалды.
Біздің серіктес: Sport12kz