2 күн бұрын
Өзбекстан Азия ойындарына баратын боксшылардың нақты тізімін жариялады
Өзбекстан бокс федерациясы Жапонияда өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құраманың тізімін жариялады.
Өзбекстан намысын ерлер арасында алты, әйелдер арасында бес боксшы қорғайды.
Ерлер:
• 55 кг – Самандар Олимов
• 60 кг – Абдумалик Халоков
• 70 кг – Шавкатжон Болтаев
• 80 кг – Фазлиддин Эркинбоев
• 90 кг – Турабек Хабибуллаев
• +90 кг – Жахонгир Зокиров
Әйелдер:
• 51 кг – Феруза Казакова
• 54 кг – Нигина Уктамова
• 60 кг – Ситора Турдибекова
• 65 кг – Навбахор Хамидова
• 75 кг – Азиза Зокирова
Азия ойындарындағы бокс додасы 21 қыркүйекте басталып, 2 қазанға дейін жалғасады.
Айта кетейік, Жапониядағы жарысқа Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары да қатысады.
Біздің серіктес: Sport12kz