2 күн бұрын
“Белбеуді босатады”:Жәнібек Әлімханұлы Хамза Ширазға үндеу жасады
Жәнібек Әлімханұлы Хамза Ширазбен өтетін жекпе-жекке қатысты жаңа мәлімдеме жасады.
Қазақстандық боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында британдық чемпионның шешім қабылдауына екі күн қалғанын жазды.
«Оған екі күн уақыт берілді. Ол не істейтінін күтейік. Шықса шығады, шықпаса белбеуді босатады», – деп жазды Әлімханұлы Instagram-дағы Stories бөлімінде.
Бұл жағдай қос боксшы арасындағы жекпе-жектің промоутерлік саудасынан кейін белгілі болды. 16 қыркүйекте өткен саудада Queensberry Promotions 1 001 809 доллар ұсынып, жеңіске жетті.
WBO ережесіне сәйкес, қаржының 75 пайызы чемпион Хамза Ширазға, қалған 25 пайызы Жәнібек Әлімханұлына тиесілі болады. Яғни британдық боксшы шамамен 751 мың доллар, ал қазақстандық спортшы 250 мың доллар алады.
Айта кетейік, Шираз бұған дейін ұсынылған гонорар көңілінен шықпаған жағдайда WBO белбеуінен бас тартуы мүмкін екенін айтқан.
Біздің серіктес: Sport12kz