7 сағат бұрын
Төрехан Сабырхан Азия ойындарында кіммен алғашқы жекпе-жегін өткізеді?
Фото: Қазақстан ҰОК
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырханның 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қатарлық Мұхаммед Дбичи бүгін Вьетнам боксшысын 5:0 есебімен жеңді. Енді 70 келідегі Сабырхан-Дбичи 1/8 финалдық жекпе жегі 24 қыркүйекке жоспарланған.
Төрехан Сабырхан 2006 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін ол жастар арасында әлем чемпионы (2024), жастар мен жасөспірімдер арасында Азияның төрт дүркін чемпионы болған.
2025 жылы ересектер арасында әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
Төрехан Сабырхан 2006 жылы 13 ақпанда Түркістан облысында дүниеге келген.
Бокспен сегіз жасынан бастап айналысады. Оның алғашқы және жалғыз бапкері — Ілияс Оралбеков.
Төрехан Сабырхан боксқа ерте жастан бастап, өзінің ағасы әлемнің екі дүркін чемпионы Махмұд Сабырханмен бірге жаттыққан. Алғашқыда жаттығулар мектепте, тарих кабинетінде өткен. Бокстан бөлек, көкпармен де шұғылданып, бірнеше рет аймақтық жарыстарға қатысқан.
Біздің серіктес: Sport12kz