8 сағат бұрын

Алуа Балқыбекованың Азиададағы алғашқы қарсыласы анықталды

Алуа Балқыбекованың Азиададағы алғашқы қарсыласы анықталды

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекованың Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Балқыбекова медаль үшін күресті үндістандық Сакшимен жекпе-жектен бастайды. Сакши алғашқы кездесуінде филиппиндік Айра Вильегасты 5:0 есебімен жеңді.

Алуа Балқыбекова мен Сакши арасындағы жекпе-жек 24 қыркүйекте өтеді.

Айта кетейік, Қазақстанның әйелдер құрамасы Азиада-2026 ойындарына бес боксшымен қатысып жатыр. Олар: Алуа Балқыбекова (51 кг), Назым Қызайбай (54 кг), Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікейева (65 кг) және Наталья Богданова (75 кг).



Біздің серіктес: Sport12kz