18 сағат бұрын
Қазақстандық боксшы Азиадада нокдаунмен жеңіске жетті
Қазақстан құрамасының жетекші боксшыларының бірі Төрехан Сабырхан Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
70 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалда қазақстандық боксшы Катар өкілі Мұхаммед Дбичимен кездесті.
Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен Сабырхан 5:0 есебімен жеңіске жетті. Сонымен қатар екінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді.
Осылайша, Төрехан Сабырхан Азиада-2026 ойындарының ширек финалына жолдама алды. Ал Мұхаммед Дбичи медаль үшін күресін тоқтатты.
Айта кетейік, Сабырхан бірінші айналымнан босатылған болатын. Ал Дбичи 1/16 финалда вьетнамдық Дук Нгок Нгуенді жеңген еді.
Азиада-2026 ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы бастапқыда алты салмақ дәрежесінде ұсынылған. Алайда бұған дейін 80 келіге дейінгі салмақта Сабыржан Аққалықов алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалған болатын.
Біздің серіктес: Sport12kz