1 күн бұрын
Ресми: Фьюри мен Джошуа жекпе-жек өткізеді
Бұрынғы әлем чемпиондары Тайсон Фьюри мен Энтони Джошуа 11 желтоқсанда Кардиффтегі Principality Stadium-да жұдырықтасады.
Екі британдық боксшы кәсіпқой мансабында осыған дейін бір-бірімен кездескен емес. Көптен күткен жекпе-жек олардың алғашқы ортақ айқасы болмақ.
Жекпе-жек Netflix платформасында тікелей көрсетіледі. Аталған бәсеке туралы ақпаратты промоутер Турки Әл-Шейх ресми түрде жариялады.
Біздің серіктес: Sport12kz