12 сағат бұрын
Қызайбай мен Асылқұлов Азиададағы алғашқы жекпе-жектерін өткізеді
Бүгін Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарында Қазақстанның екі боксшысы алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Екеуі де 1/8 финалда шаршы алаңға шығады. Алдымен сағат 13:00-де 54 келіге дейінгі салмақта Назым Қызайбай Қытай өкілі Сюань Чжаомен кездеседі.
Ал сағат 14:15-те 60 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов Оңтүстік Корея боксшысы Чан Дон Хванға қарсы жекпе-жек өткізеді.
Бұған дейін Азиададағы алғашқы жекпе-жектерін Төрехан Сабырхан (70 кг) мен Алуа Балқыбекова (51 кг) жеңіспен бастады. Ал Сабыржан Аққалықов (80 кг) жарысты жеңіліспен бастады.
Кейін Қазақстан сапынан Махмұд Сабырхан (55 кг), Нұрбек Оралбай (90 кг), Айбек Оралбай (+90 кг), Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікейева (65 кг) және Наталья Богданова (75 кг) алғашқы жекпе-жектерін өткізеді.
Азиада-2026 ойындары 4 қазанда аяқталады.
Біздің серіктес: Sport12kz