Матч орталығы
Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Аустралия Аустралия 1:1 Аяқталды Бразилия Бразилия Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Үндістан Үндістан 1:1 76 Панама Панама Жолдастық кездесулер, құрамалар Футбол Словакия U19 Словакия U19 1:1 38 Қазақстан U19 Қазақстан U19 УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Армения Армения 21:00 Бүгін Латвия Латвия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Грузия Грузия 21:00 Бүгін Солтүстік Ирландия Солтүстік Ирландия Кубок Лейвера Теннис Рафаэль Ходар Рафаэль Ходар 23:00 Бүгін Александр Бублик Александр Бублик Еуропа чемпионаты U21, іріктеу Футбол Англия U21 Англия U21 23:30 Бүгін Қазақстан U21 Қазақстан U21 УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Швеция Швеция 23:45 Бүгін Румыния Румыния УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Черногория Черногория 23:45 Бүгін Кипр Кипр УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Польша Польша 23:45 Бүгін Босния және Герцеговина Босния және Герцеговина УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Түркия Түркия 23:45 Бүгін Франция Франция УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Италия Италия 23:45 Бүгін Бельгия Бельгия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Венгрия Венгрия 23:45 Бүгін Украина Украина Африка ұлттар кубогы, іріктеу Футбол Алжир Алжир 00:00 Ертең Замбия Замбия УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Словения Словения 18:00 Ертең Шотландия Шотландия Бундеслига Баскетбол Бавария Бавария 18:40 Ертең Альба Альба Парсы шығанағы ұлттар кубогы Футбол Кувейт Кувейт 20:55 Ертең Ирак Ирак УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Фарерские острова Фарерские острова 21:00 Ертең Қазақстан Қазақстан УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Исландия Исландия 21:00 Ертең Эстония Эстония УЕФА Ұлттар лигасы Футбол Болгария Болгария 21:00 Ертең Люксембург Люксембург

8 сағат бұрын

Сұлтан Заурбектің әлем чемпионы атағына таласатын жекпе-жегі анықталды

Сұлтан Заурбектің әлем чемпионы атағына таласатын жекпе-жегі анықталды

Екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін австралиялық боксшы Джексон Ингленд Қазақстан өкілі Сұлтан Заурбекпен IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағына міндетті үміткер мәртебесі үшін жекпе-жекті ұйымдастырудағы қиындықтар туралы айтты, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жекпе-жек бірнеше рет кейінге шегеріліп, ақыры 26 қыркүйекке белгіленді.

Инглендтің айтуынша, жекпе-жекті ұйымдастыру процесі бірнеше қиындыққа тап болған. Алдымен кездесуді қазан айында Қазақстанда өткізу жоспарланған. Кейін желтоқсанға шегеріліп, маусым айына қайта белгіленгенімен, бұл жоспарлар жүзеге аспаған.

Одан кейін тараптар жекпе-жекті өткізу үшін промоутерлік саудаға жүгінген. Инглендтің командасы саудада жеңіске жетіп, кездесуді Австралияда өткізу құқығын алған. Алайда Перт қаласында қолайлы күн табылмағандықтан, жекпе-жек Серферс-Парадайс қаласына ауыстырылған.

Сұлтан Заурбек пен Джексон Ингленд арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы IBF нұсқасы бойынша екінші жеңіл салмақта әлем чемпионы атағына міндетті үміткер атанады.

Қазіргі таңда бұл салмақтағы IBF чемпиондық белбеуі мексикалық Эмануэль Наварретеге тиесілі. Оның кәсіби рекорды — 40 жеңіс, 2 жеңіліс және 1 тең нәтиже, оның 33 жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған.



Біздің серіктес: Sport12kz