7 сағат бұрын
Назым Қызайбай Азиададағы алғашқы жекпе-жегінде сүрінді
Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Жапонияда өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
54 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Қызайбай жарысты 1/8 финалдан бастады. Бұл кезеңде ол Қытай өкілі Сюань Чжаомен кездесті.
Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бөлек шешімімен қытайлық боксшы 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Назым Қызайбай Азиададағы жарысын алғашқы жекпе-жегінен кейін аяқтады.
Айта кетейік, Назым Қызайбай — үш дүркін әлем чемпионы және 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері.
Азиада-2026 ойындарындағы бокс додасы 2 қазанға дейін жалғасады. Қазақстанның әйелдер құрамасы бес салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: Sport12kz