2 күн бұрын
Нұрбек Оралбай Азиада-2026 ойындарында ширек финалға шықты
Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Оралбай жарысты 1/8 финалдан бастады. Бұл кезеңде ол Ауғанстан өкілі Силаб Нуримен кездесіп, 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Осылайша, Нұрбек Оралбай Азиада-2026 ойындарының ширек финалына жолдама алды. Ал Силаб Нури жарыстағы өнерін аяқтады.
Айта кетейік, Нұрбек Оралбай — 2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, 2023 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. Ал Силаб Нури Ауғанстан чемпионатында бес рет жеңіске жеткен.
Біздің серіктес: Sport12kz