2 күн бұрын
Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары Азиадада жүлде үшін таласады
Азиада-2026 ойындарында 90 келіге дейінгі салмақта Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары ширек финалда кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық Нұрбек Оралбай жартылай финалға шығу үшін Өзбекстан өкілі Турабек Хабибуллаевпен жұдырықтасады.
Оралбай 1/8 финалда Ауғанстан боксшысы Силаб Нуриді 5:0 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Ал Хабибуллаев бұл кезеңде жарысқа қатысқан жоқ.
Нұрбек Оралбай мен Турабек Хабибуллаев арасындағы жекпе-жек 28 қыркүйекке жоспарланған. Кездесуде жеңіске жеткен боксшы кемінде қола медальға кепілдік алады.
Айта кетейік, Нұрбек Оралбай — 2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, 2023 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. Ал Турабек Хабибуллаев 2024 жылғы Азия чемпионаты мен 2025 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған. Ол Ханчжоуда өткен алдыңғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанған.
Біздің серіктес: Sport12kz