11 сағат бұрын
Қазақстандық боксшы Азиадада жартылай финалға жолдама алды
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Аичи және Нагоя қалаларында (Жапония) өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
51 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Балқыбекова ширек финалда жарыс қожайыны Жапонияның өкілі Юна Нисинакамен кездесті.
Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бөлінген шешімімен қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Алуа Балқыбекова кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті. Ал Юна Нисинака Азиададағы өнерін аяқтады.
Айта кетейік, екі дүркін әлем және Азия чемпионы Алуа Балқыбекова Азиада-2026 ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін 1/8 финалда өткізіп, Үндістан өкілі Сакшиді төрешілердің бөлінген шешімімен жеңген еді.
Біздің серіктес: Sport12kz