10 сағат бұрын
Төрехан Сабырхан Азиадада нокаутпен жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Аичи және Нагоя қалаларында (Жапония) өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарында 70 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Төрехан Сабырхан ширек финалда Ирак өкілі Али Касим Хамдан Әл-Сарраймен жұдырықтасты. Кездесу қазақстандық боксшының бірінші раундта нокаутпен жеңуімен аяқталды.
Осылайша, Төрехан Сабырхан Азиада-2026 ойындарында кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.
Айта кетейік, Төрехан Сабырхан жарыстың алғашқы кездесуінде Катар боксшысы Мұхаммед Дбичиді 5:0 есебімен жеңіп, жекпе-жек барысында қарсыласын нокдаунға түсірген болатын.
Төрехан Сабырхан — World Boxing ұйымының әлем чемпионы. Ол 2025 жылы Ливерпульде өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған.
Біздің серіктес: Sport12kz