10 сағат бұрын
Наталья Богданова Азиадада өзбек боксшысын жеңді
Қазақстандық боксшы Наталья Богданова Аичи және Нагоя қалаларында (Жапония) өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарында 75 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Богданова ширек финалда Өзбекстан өкілі Азиза Зокировамен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілердің бөлінген шешімімен қазақстандық боксшы 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Алғашқы раундта төрешілердің барлығы Зокироваға басымдық берді. Алайда екінші және үшінші раундтарда Богданова таразы басын өз пайдасына аударып, кездесуді жеңіспен аяқтады.
Осылайша, Наталья Богданова Азиада-2026 ойындарында кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті. Ал Азиза Зокирова жарысты жүлдесіз аяқтады.
Айта кетейік, Наталья Богданова — World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем чемпионы. Ол Ханчжоуда өткен 2022 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алған.
Ал Азиза Зокирова 2024 жылғы Азия чемпионатында күміс, 2025 жылғы World Boxing әлем чемпионатында 70 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болған.
Біздің серіктес: Sport12kz